27.05.2021, 10:30
Үкімет
Президенттің ұсынымы бойынша Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдап дауыс берді
Фото: ашық дереккөзден
Жақында Сенат қарауына Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы Президенттің ұсынымы енгізілді. Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенат депутаттарынан ҚР Президентінің ұсынымын қолдауды сұрады.
«Лариса Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді Талғат Донақов.
Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдады. Ал, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сот жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткен Лариса Шепелеваға алғыс айтты.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты