$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 18:00
Үкімет

Қазақстанда коронавирус туралы ақпарат тарататын сайтқа 30 миллион теңге жұмсалған

Coronavirus2020.kz сайты 2020 жылы пайда болды

Қазақстанда коронавирус туралы ақпарат тарататын сайтқа 30 миллион теңге жұмсалған
Көрнекі фото

Coronavirus2020.kz сайтын әзірлеу және ұйымдастыру жұмысына шамамен 30 миллион теңге жұмсалған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Бұл туралы бүгін ОҚК брифингінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Инфекция пайда болғаннан бері біздің азаматтар мен оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жұмыс істеді. Онымен бірге тағы Telegram-каналы ашылды. Осы каналға 240 мың адам жазылды. Оқырмандардың көптігі бұл ресурстың өзектілігі мен танымалдығын көрсетеді. Ресурстар негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелерді, мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін құрылған. Бұл сайттың жұмысын жүргізу үшін шамамен 30 миллион теңге жұмсалды», - деді Аида Балаева.

Coronavirus2020.kz сайты 2020 жылы Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндайтын ресми ресурс ретінде пайда болды.

Серіктес жаңалықтары