$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2021, 14:21
Үкімет

Алексей Цой төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілетінін айтты

Елімізде төтенше жағдай режимін енгізу қарастырылып отырған жоқ

Алексей Цой төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілетінін айтты
көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде елімізде төтенше жағдай режимін енгізу қарастырылып отырмағанын, заңнамаға сәйкес аталған жағдайды Мемлекет басшысы енгізетінін және мемлекеттік комиссияда тиісті шешім қабылдайтынын айтты.

Министр төтенше жағдай қай кезде енгізілетінін еске салды. ТЖ енгізу күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 проценттен асқан кезде ескеріледі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2853 адамнан коронавирус анықталды. Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 33 қазақстандық көз жұмды.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 730 адам коронавирустан емделуде: 15 207 науқас стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Серіктес жаңалықтары