$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2021, 13:00
Үкімет

Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» төрағасымен кездесті

Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты

Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» төрағасымен кездесті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесті.

Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады.

«Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ («БКЛК ЕРА») одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер», - деді Асқар Мамин.

2020 жылы пандемияға қарамастан, «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық.

Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты. Осы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті.

Кездесуге вице-премьер Роман Скляр мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Серіктес жаңалықтары