$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2021, 11:54
Үкімет

Шу және Талас өзендері: Қазақстан мен Қырғызстан су беру кестесін келісті

Комиссияның келесі отырысы жыл соңында Бішкекте өтеді

Шу және Талас өзендері: Қазақстан мен Қырғызстан су беру кестесін келісті
көрнекі фото: vlast.kz

Қазақстан мен Қырғызстан вегетациялық кезеңде сндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті

Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғызстан комиссиясының кезекті 28-ші отырысы (онлайн) өтті.

Комиссияның қазақстандық бөлігін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, ал қырғыз бөлігін – Қырғыз Үкіметі жанындағы Су ресурстары мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Абдыбай Джайлообаев басқарды.

Комиссия жұмысына Экология, геология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер министрліктерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тараптар 2021 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады.

Комиссия мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдерін бекітті.

Сонымен қатар, комиссия «Шу және Талас өзендері бассейндері үшін іс-қимылдың Стратегиялық бағдарламасын» бекітті, оның шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылмақ.

Тараптар осы жылдың 4 тоқсанында Бішкек қаласында комиссияның келесі отырысын өткізуге келісті.

Серіктес жаңалықтары