Қазақстанда көлік қозғалысын басқару орталықтары құрылады
Тоқаев Париж, Ыстанбул, Мәскеу қалаларындағы тәжірибені мысалға келтірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды тапсырды.
«Қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру керек. Орталық міндетіне осы саладағы уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың, мысалы, жол белгілері, жұмыс істемейтін бағдаршамдар мәселесі бойынша шағымдары мен ұсыныстарын қарау кіреді. Үкіметке өңірлер әкімімен бірлесіп, осындай орталықтар құру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұндай тәжірибе Париж, Ыстанбул, Мәскеу қалаларында қолданылады», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ҚР Президенті қарбалас уақытта және демалыс күндері арнайы автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырды.