$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2021, 11:10
Үкімет

Мүгедек жандардың зейнетке шығу жасын төмендету қажет – Мәжіліс

Елімізде жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі -  ІІІ топтағы мүгедектер

Мүгедек жандардың зейнетке шығу жасын төмендету қажет – Мәжіліс
көрнекі фото

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов Үкіметке мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Депутат келтірген деректерге сүйенсек, елімізде мүгедектігі бар 600 мыңнан астам адамның (ересек) арасында жұмыс істейтіндер саны 85 472 адамды құрайды екен.

«Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі үшінші топтағы мүгедектер, олардың саны - 62 012 адам, екінші топтағы мүгедектер (18 467 адам) және бірінші топтағы мүгедектер (2 393 адам) одан да аз. Олардың ішінде ерлер - 51 744, әйелдер - 33 750», - деді депутат.

Десе де, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осыған орай бір топ Мәжіліс депутаты Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа ұсыныстарын айтты. 

«Үкімет мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы жасын төмендетуді; Жауапты ведомстволар мүгедек адамдардың зейнетке шығу жасын төмендетудің нақты өлшемдерін әзірлеуін; сондай-ақ мүгедек адамдардың мүдделеріне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін құрастыруды; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы мүгедек адамдар туралы статистикалық деректерді айқындауын; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі – мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары, оның ішінде әртүрлі факторлардың әсері туралы қажетті ғылыми зерттеулер жоспарын әзірлеуін сұраймыз», - деді Ерлан Смайылов.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары