$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 15:17
Үкімет

Қазақстан мен Иран тарапы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Иранның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстан мен Иран тарапы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
фото: ҚР СІМ

Бүгін ҚР вице-премьері - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ дамуын, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Министрлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды. Ведомство басшылары Каспий теңізі өңірін дамыту мәселелері бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен ИИР сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Сондай-ақ бүгін Иранның Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады.

Серіктес жаңалықтары