Қазақстан Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетуге дайын

Қазақстан тарапы әскери техниканы Қырғызстанның Қой-Таш елді мекеніне жеткізеді

Қазақстан Қырғызстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетуге дайын
көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

«Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан республикасының заң жобасы жарияланды.

Үкімет басшысы бұл заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулы шығарған.

Осы келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар: ҚР Қорғаныс министрлігі; Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі.

Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.

Заң жобасында қырғыз тарапы келісім аясында алынған мүлікті, оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бере алмайтыны атап көрсетілген.

Құжатқа мақсаты - екі ел арасындағы достық қарым-қатынас мен әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту.

Заң жобасында қырғыз тарапы келісім аясында алынған мүлікті, оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бере алмайтыны атап көрсетілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.