ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Алексей Цой «британдық» штамның қаупі жайында айтты

Наурызда Қазақстанда КВИ-дің «британдық» және «оңтүстік африкалық» штамы анықталды

Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Республика аумағында коронавирустың мутацияланған жаңа штамын генетикалық зерттеулер тұрақты жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің мәлім етті.  

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «британдық» штамм әлемнің 130 елінде, «оңтүстік африкалық» штамм 80 елде, ал «бразилиялық» штамм 45 елде анықталды. Біз жаңа мутацияларды анықтау мақсатында коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргізудеміз», - деді Алексей Цой.

Наурыз айында Қазақстанда «британдық» және «оңтүстік африкалық» штамм анықталды.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «британдық» коронавирус нұсқасы бастапқы штамға қарағанда ауруханаға жатқызу жиілігі және өлімнің жоғары ықтималдығына әкеліп соқтырады. «Бразилиялық» штамм бұдан қауіпті емес, бірақ ол COVID-19 бастапқы штамына қарағанда оңай және тез таралады», - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, коронавирустың «британдық» штамы былтырғымен салыстырғанда 1,7 есе, «оңтүстік африкалық» штамм 1,5 есе және «бразилиялық» штамм 2 есе тез таралатыны анықталған.