ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары тағайындалды

Дина Ғалиева қызметінен босатылып, орнына Берік Шолпанқұлов тағайындалды

Берік Шолпанқұлов

Мемлекет басшысының өкімімен Дина Ғалиева ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылып, оның орнына Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып Берік Шолпанқұлов тағайындалды.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасының қазынашысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР ҚМ жанындағы қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.

2008 жылдан 2014 жыл аралығында Қаржы вице-министрі болды.

2014–2016 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары.

2016-2021 жылдары Қаржы вице-министрі, Қаржы министрінің бірінші орынбасары болды.