$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2021, 14:54
Үкімет

Жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрінің орынбасары жайлы не білеміз

Ақан Рахметуллин 2019 жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болды

Жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрінің орынбасары жайлы не білеміз

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар ауыс-түйіс жасап, Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары болып Ақан Ақасұлы Рахметуллин тағайындалды.

Ақан Ақасұлы кадрлық дипломат, көпжақты дипломатия, халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы тәжірибелі маман.

1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірді. 1999 жылы ҚР СІМ дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы референт лауазымынан бастаған. Қазақстанның Пәкістандағы, Аустриядағы елшіліктерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде жұмыс істеп, онда БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінің, БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне елімізді ілгерілетудің, БҰҰ түрлі органдарына сайлаудың мәселелерін жүргізді, сондай-ақ Қазақстанның Вена қаласындағы ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде қызмет атқарды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде ұйымның екінші өлшемінің (экология және экономика мәселелері) жұмысын үйлестірді.

ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің кеңесшісі болып, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етті. Орталық аппаратта көпжақты ынтымақтастық департаментін басқарды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болды.

І сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Серіктес жаңалықтары