ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Президент Алексей Цойға бір ай уақыт берді

Тоқаевтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтті. Президенттің Кеңесте айтқан сөздерін Ақорда баспасөз қызметі Twitter желісінде жариялады.

Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бір ай ішінде жағдайды түземесе, қызметтен кетуі мүмкін екенін ескертті.

«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін қазіргі кезеңде денсаулық сақтау министрі – Үкіметтегі баста фигура екенін, сізде айрықша өкілеттіктер барын айтқан едім. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ артынан жұмыс қарқыны айтарлықтай әлсіреп кетті... Сәуір айы ішінде жағдайды түзетуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық шешім шығады, ол сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл Үкіметке қатысты», - деді Тоқаев жиында.

Мемлекет басшысы вакцинацияның маңыздылығы туралы да тоқталды.

«Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты», - деді Президент.