ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 595 мыңнан асты

42 500 теңгені қайта төлеу мәселесі қаралып жатқан жоқ - Үкімет

Былтыр Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 42 500 теңге екі рет төленді

Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Қазақстанның кейбір өңірлерінде коронавирустың қайта өршуіне байланысты карантин күшейтіліп жатыр. Осыған байланысты қоғамда «Үкімет тағы да бір реттік 42 500 теңгеден көмек көрсете ме?» деген сұрақ туындады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені қайта төлеу мәселесі қаралып жатпағанын айтып, төлем қандай жағдайда берілетінін түсіндірді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, былтыр 42 500 теңге төтенше жағдай мен карантин шаралары енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға берілген. Ал, бұл жолы бизнеске қатысты шектеулер демалыс күндері ғана күшейтіліп, бүгінде кәсіпкерлерге салықтық және тағы басқа жеңілдіктер жасалып отыр.

Еске сала кетейік, былтыр Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 42 500 теңге екі рет төленді. Қордан бөлінген қаржының жалпы сомасы 476,3 миллиард теңгені құрады.