$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 15:53
Үкімет

Жалпы қазіргі жағдайымыз жақсы емес – Тоқаев

Тоқаевтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өтуде

Жалпы қазіргі жағдайымыз жақсы емес – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Президенттің Кеңесте айтқан сөздерін Ақорда баспасөз қызметі Twitter желісінде жариялап жатыр.

«Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр», - деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтар мен бизнес өкілдерінің індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастағанын айтты және бұл жағдайды одан бетер ушықтырып жатқанын жеткізді.

«Дегенмен көптеген сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар», - деді Президент.

Президент тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керектігін, осы маңызды жұмысқа кәсіби мамандарды, жаппай екпе салуды қолдайтын белсенді азаматтарды тартқан жөн екенін айтты.

«Бұл бағытта отандық бизнестің ұстанымы өте маңызды. Өйткені, ұжымдық иммунитет қалыптаспай, санитарлық шектеуді толығымен алып тастау мүмкін емес. Қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деді Кеңесте.

Серіктес жаңалықтары