Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Талғат Жанжүменов қызметінен босатылып, орнына Әділбек Сәрсембаев тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалады.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жж. - Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы болды.

Түрлі жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2010-2014 жж. - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жыл аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Сондай-ақ Үкімет қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.