29.03.2021, 11:55
Үкімет
Қазақстанға шетелден 38 азамат ПТР-анықтамасыз келді
Олар келген жері бойынша карантиндік стацонарларға жатқызылды
көрнекі фото
28 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив, Шри-Ланка, Түркия, Германия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 389 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама 5 351 адамда болса, қалған 38 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 23 рейс (2 988 жолаушы, анықтамамен – 2 970, анықтамасыз – 18);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (1 419 жолаушы, анықтамамен - 1 406; анықтамасыз – 13);
- Шымкент әуежайына – 7 рейс (барлық 836 жолаушы анықтамамен келген);
- Өскемен әуежайына – 1 рейс (барлық 19 жолаушы анықтамамен келген);
- Түркістан әуежайына – 1 рейс (127 жолаушы, анықтамамен - 120; анықтамасыз – 7).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды