$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2021, 12:10
Үкімет

Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін көбейту туралы келісім жасалды

Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады

Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін көбейту туралы келісім жасалды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және елдегі санитарлық-эпидемологиялық ахуал туралы есеп берілді.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, соңғы екі айда экономикада тұрақты оң динамика байқалды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары қарқынды дамып келеді. Қызмет көрсету біртіндеп қалпына келе бастады. Ақпарат пен байланыс саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, металлургия, оның ішінде, түрлі түсті метал өндірісі мен машина құрастыру, фармацевтика салаларында тұрақты өсім бар.

Президентке ОПЕК+ Мониторинг комитеті отырысының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Аталған отырыста Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін көбейту туралы жеке келісім жасалғаны айтылды. Бұл тау-кен секторындағы өрдіріс өсімін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. 

Кездесуде елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, жағдай бақылауда: республика бойынша вирустың арту көрсеткіші 0,9-ды құрайды, жұқпалы ауруханалардағы төсек орын 23 пайызға, жан сақтау бөлімшелеріндегі орындар 16 пайызға толған.

Мемлекет басшысына инвестициялар тарту, тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да баяндалды.

Серіктес жаңалықтары