ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

ҰҚК Каспий теңізіндегі қызмет туралы заңдағы түзетулерді түсіндірді

23 ақпанда Мемлекет басшысы Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты заңға қол қойды

көрнекі фото: ria.ru

ҰҚК баспасөз қызметі Каспий теңізін қолдануға қатысты қабылданған заңнамалық өзгерістерді түсіндірді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Ол ұлттық заңнамаға халықаралық шарт нормаларын қосады және Қазақстанда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның күшіне енуіне дайындығын қамтамасыз етеді.

Конвенцияда теңіз жағалауындағы мемлекеттер үшін ені 15 теңіз миліне дейінгі аумақты және ені 10 теңіз миліне дейінгі балық аулау аймағын белгілеу, сондай-ақ шектес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттермен уағдаластық бойынша теңіз түбі мен жер қойнауы секторын ажырату құқығы көзделген.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның 16-бабына сәйкес қазақстандық кемелерге мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу талаптары сақталған жағдайда тәуліктің кез келген уақытында ішкі және аумақтық суларға шығу құқығы берілді.

«Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес аумақтық суда (теңізде) және шағын көлемді кемелердегі ішкі су шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қазақстандықтарға режимдік шектеулерсіз екі мильге дейінгі қашықтыққа теңізге еркін шығуға рұқсат етіледі. Бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (ҰҚК, ІІМ) тиісті ұсынымы қажет.

ҰҚК жеке және заңды тұлғалар демалу, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) режимдік шектеулердің қолданылуы, белгіленген акваторияда жүзуі және (немесе) пайдаланылуы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауы учаскелерінің тізбесін жыл сайын белгілейді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.