$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2021, 12:40
Үкімет

Наурыз мерекесінде қандастарға төлқұжат табыстауды дәстүрге айналдыру ұсынылды

Сенат депутаты Үкіметке бірқатар ұсыныс айтты

Наурыз мерекесінде қандастарға төлқұжат табыстауды дәстүрге айналдыру ұсынылды
көрнекі сурет

Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыру керек. Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы Үкіметке осындай ұсынысын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Депутат Наурыз мекересін тойлауға қатысты бірнеше ұсынысын айтты. Оның пікірінше, еріктілер белсенді қатысатын «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясы секілді шаралардың маңызы зор. Сенатор мерекенің идеялық мазмұнын балалар мен жастар аудиториясына әлеуметтік желі және өзге де тәсілдер арқылы түсіндіру керектігін атап өтті.

«Заман талабымен үндесетін бұқаралық шараларды өскелең ұрпаққа, қастерлі Отаның мен отбасыңа, туған топырағына сүйіспеншілікпен насихаттау маңызды. Сол үшін жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үшін аумақтарды абаттандыру, бұлақтардың көзін ашу мен ағаш отырғызуды дәстүрге айналдыру қажет. Оңтүстік өңірлерде Наурыз мерекесінде және мұндай акцияны қолайлы климат кешірек келетін солтүстік өңірлерде кейінірек ұйымдастыру қажет деп санаймыз», - деді Алтынбек Нұхұлы.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары