ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Сенаторлар тағы бір заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенатта адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды

Ләззат Сүлеймен, фото: parlam.kz

Сенаторлар бұрын Мәжіліс бекіткен заң жобасын әріптестеріне қайта қарау үшін қайтарды.

Сенаторлар осы заңның кейбір ережелері туралы жұртшылық арасында айтылып жүрген пікірлерді ескере отырып, оған түзетулер енгізді. Мәселен, сенаторлар заң кеңесшісі мәртебесін алғысы келетін кейбір кандидаттарды заңдарды білу жөніндегі тестіден босату туралы даулы норманы алып тастауды ұсынды.

Тіпті, әділет органдарындағы механикалық тұрғыдағы жұмысты орындайтын қарапайым маман да аттестаттаудан өте алмай қалатыны белгілі болды. Сонымен қатар, мұндай маманның қызметтік міндеттері де заң консультациясын жүзеге асыратын сарапшыларға қойылатын талаптардан алыс екені анық.

Сенаторлар сондай-ақ аяғы ауыр және босану немесе бала күтімі бойынша демалыста жүрген заң кеңесшілерін мүшелік жарналарды төлеуден толық босатуды ұсынды. Сенаторлардың пікірінше, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қатарынан екі айдан артық жұмыс істемеген заңгерлер де жарна төлемеуі керек, сондай-ақ депутаттар жас және ауылдық консультанттарға 50% жеңілдік беруді ұсынады.

«Өкілетті тараптардың пікірлері тыңдалды, жобаны қолдаушылар мен қарсы пікірдегі азаматтардан көптеген ұсыныстар мен талаптар келіп түсті. Бір жағынан депутаттар, екінші жағынан заңгерлер қауымдастығы және өкілетті орган үшжақты пікірталастар қызу, шиеленісті өткізілді. Компромисстік шешімге келу үшін қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстар пайдаланылды, деуге болатын сияқты.

Сенат комитеттері де нақты пікірлер ұсынды. Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, қылмыстық процестің жарыспалылығы мен тараптардың тең құқығын қамтамасыз етуде, адвокатура мен заң консультанттары институттарының одан әрі жетілуіне оң ықпал етеді деп күтілуде», - деді сенатор Ләззат Сүлеймен.