04.03.2021, 10:30
Үкімет
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Олардың бірі зейнет жасына шығып, бірі басқа лауазымға ауысты
Жоғарғы соттың екі бірдей судьясы қызметтік орнынан босатылды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенаттың кезекті отырысында мәлім етті.
«Президент жарлығымен Анатолий Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Серік Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді», - деді Талғат Донақов.
Осылайша Сенат депутаттары Серік Әбнәсіровті зейнет жасына жетуіне байланысты Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату жөніндегі және Анатолий Смолинді басқа лауазымға тағайындалуына байланысты ұсыныстарды мақұлдады.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
