ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

KAZAKH INVEST-те басқарма төрағасы тағайындалды

Мейіржан Юсупов бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды

Мейіржан Юсупов, фото: invest.gov.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы лауазымына Мейіржан Бақытұлы Юсупов тағайындалды.

Мейіржан Юсупов 1979 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Таяу Шығыс техникалық университетін (Экономика және басқару); Лондон экономика мектебін (экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесімен); Гарвард университетін (Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен) бітірген.

Еңбек жолын «Туркуаз» компаниялар тобында маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары ретінде бастады.

2003-2009 жылдары «Демир Казахстан Банк» АҚ-да жұмыс істеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2009-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымында мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келді.

2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.