$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 17:54
Үкімет

Энергетика министрлігі Қазақстанда АЭС салу туралы мәселеге жауап берді

Министрлік АЭС салу туралы шешім қабылданар кезде халық пікірі де ескерілетінін айтты

Энергетика министрлігі Қазақстанда АЭС салу туралы мәселеге жауап берді
көрнекі фото

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Қазіргі кезде АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай және Ресейдегі реакторлық технологиялар зерттелуде. Бұл туралы Энергетика министрлігі zakon.kz жолдаған сауалына берген жауабында айтылған.

Энергетика министрлігі жыл сайын электр энергиясының орта және ұзақ мерзімді балансын бақылайтыны хабарланған. Ұзақ мерзімді болжамды баланс қуат тапшылығына ұрынған. Сондықтан Энергетика министрлігі әртүрлі энергия көздерін қолдана отырып, негізгі және икемді электр энергиясын өндіруді іске қосу нұсқаларын қарастырып жатыр.

«Тұтынудың жыл сайынғы өсімін және экологиялық талаптардың қатаюын ескере отырып, АЭС базалық жүктеменің орнын толтырудың баламалы көздерінің бірі болып табылады. Министрлік АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және т.б. секілді әлемдегі жетекші өндірушілердің реакторлық технологияларын зерттеуде. Алайда қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жоқ», - делінген министрлік жауабында.

Министрлік атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданар кезде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық пікірі де ескерілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары