09.02.2021, 10:13
Үкімет
Руслан Бекетаев Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды
Ол басқа қызметке ауысты
Фото: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.
Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Әр жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарды. 2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы вице-министрі болды.
Еске салайық, 5 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның бұрынғы министрі Тимур Жақсылықовтың орнына Руслан Бекетаев тағайындалды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады