$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 15:23
Үкімет

Зейнетақы жинағын пайдалану пәтер бағасының өсуіне әсер ете ме?

Тоқаев тұрғын үй бағасын ұстап тұруды тапсырды

Зейнетақы жинағын пайдалану пәтер бағасының өсуіне әсер ете ме?
көрнекі сурет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылжымайтын мүлік нарығындағы алыпсатарлық операцияларды шектеу үшін мемлекеттік органдардың халық және құрылыс компаниялары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

«Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі менің бастамамды іс жүзінде іске асыру басталды. Енді жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлікпе болмас үшін бағаны тежеу бойынша пәрменді шаралар қажет. Баға көтерілуі туралы қазір барлық жерде жазылып жатыр, «жылжымайтын мүлік бағасы қымбаттайды» деп. Мемлекеттік органдар үшін халық пен құрылысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, нарықтағы алыпсатарлық операцияларды шектеу маңызды», - деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімдікті арттыру мәселесі де айтылды.

«Біз «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Бұл халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам қарыз берілді. Осы бағдарлама аясында өңірлерде қолжетімді несиелік тұрғын үй салынуда. Бірақ оны жүзеге асырудың төмен қарқыны байқалады. 9,5 мың пәтер пайдалануға берілді, яғни, жоспардың 56 пайызы ғана орындалды», - деді Президент.

Тоқаев Үкіметке екі апта ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар пакетін енгізуді тапсырды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары