ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

«Тарихи фактілер бұрмаланбай жетуі тиіс»: Тоқаев оқулық сапасын сынға алды

Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша тапсырма берді

көрнекі фото

Мектеп оқушылары үшін Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулықтар әзірленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Мектептегі тарих оқулықтарында бұрмаланған мәтін көп. Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасына таңғалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі тиіс. Сол себепті Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулығын әзірлеуді және енгізуді тапсырамын», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент мектепке дейінгі 11 мың мекемеде 900 мыңға жуық бала тәлім алып жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.