$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2021, 15:52
Үкімет

Люксембург соты Статиге қатысты істі тоқтатты

Округтік сот тергеу аяқталғанша істі тоқтата тұру туралы шешім қабылдады

Люксембург соты Статиге қатысты істі тоқтатты
көрнекі фото

Люксембург округтік соты 2017 жылы Статиге қатысты алдын ала тыйым салуды бекіту туралы өтінішін қабылдамай тастады. Сот Қазақстанның пайдасына шешім шығарды және Люксембург құқық қорғау органдары алаяқтыққа қатысты толығымен тергеу жүргізгенге дейін істі тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Люксембургте Статиге қатысты қылмыстық тергеулер басталған. Статидің алаяқтығына байланысты дәлелдемелерді, оның ішінде Қазақстан ұсынған түрлі сараптамалық қорытындыларды қарап, сот «болжамды алаяқтық газ өңдеу зауытын салу барысында келтірілген залал сомасына әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды» деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның алаяқтық туралы ісі мен Қазақстанға қарсы төрелік шешімге сәйкес Статидің азаматтық талап-арыздары арасында жеткілікті байланыс бар деп қаулы етті.

Сот Свеа апелляциялық сотының судьясы Патрик Шольдстромның, профессор Кристоф Шройердің, профессор Джордж Берманның, Прайсуотерхаус Куперстің және АҚШ-тың бұрынғы прокуроры Стефан Касселланың сараптамалық қорытындыларын тікелей атап өтті. Барлық эксперттер төрелік шешімді алуда Стати жүйелі түрде алаяқтықпен айналысты және оны мәжбүрлеп орындауға тырысу арқылы алаяқтықты жалғастырып келеді деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, Стати қатты жүгінетін Швеция соттарына қатысты швед судьясы және швед құқығы бойынша сарапшы Шольдстром мынадай тұжырымға келді «... Стати швед заңнамасына сәйкес қылмыстық алаяқтыққа тең келетін іс-әрекеттер мен жасырулар арқылы төрелік шешімге қол жеткізгендігі туралы сенімді дәлелдер бар».

«Стати ісіне» қатысты толық ақпаратты ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтынан оқи аласыз. 

Серіктес жаңалықтары