«Спутник V» вакцинасының бір дозасы қанша тұрады?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

«Спутник V» вакцинасының бір дозасы қанша тұрады?
"Спутник V" вакцинасы, фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандық (QazCovid-in) және ресейлік вакциналардың («Спутник V») бағасы қанша тұратыны жайлы журналистердің сұрағына жауап берді.

«Ресейлік әріптестердің ақпараты бойынша, әлемде және РФ-да «Спутник V» вакцинасының, яғни қоскомпонентті вакцинаның бір дозасының құны 20 АҚШ долларын құрайды», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Марат Шоранов отандық - QazCovid-in вакцинасының бағасына қатысты нақты жауапты Білім және ғылым министрлігі бере алатынын айтты.

Бүгінде Қазақстан ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесін қарастырып жатыр. Вакцина 2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф. Гамалей атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді. Тексеру сәтті өткен жағдайда 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін (2021 жылы) препаратты Қазақстанда тіркеу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.