$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2020, 10:28
Үкімет

Күріш пен мақта егуді азайту керек – АШМ

Қызылорда облысында күріш алқабы нормадан асып кеткен

Күріш пен мақта егуді азайту керек – АШМ
2018 жыл, мақта жинау сәті. Сол кездегі Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев

Өңірлерде кейбір дақылдарға қатысты егіс алқабын қысқарту жөніндегі тапсырмалар әлі де дұрыс орындалмай келеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында айтты.

Бұған дейін АШМ өңірлерге ылғалды көп қажет ететін дақылдарға қатысты егістік алаңдарын азайтуды тапсырған болатын. Алайда жоспардың жүйелі түрде жүзеге аспағаны белгілі болды.

«Қызылорда облысында күріш егісінің алаңы биыл 75 мың гектардан аспауы тиіс еді, алайда 2020 жылы егіс алаңы 89 мың гектарды құрады. Яғни, индикативтік көрсеткіштердің жыл сайынғы артуы 14 мың гектардан асады. Осыған ұқсас жағдай Алматы мен Түркістан облыстарында да байқалуда. Оларда көрсеткіштен артығы тиісінше 500 гектарды және 2,3 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ Түркістан облысында мақта алаңдарын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалмаған. Мәселен, биыл мақтаның нақты көлемі меморандумда көзделген алаңнан 16 мың гектарға артық болды. Бұдан басқа, Қызылорда және Түркістан облыстарында бидай алаңын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалған жоқ», - деді Сапархан Омаров.

Министр Қызылорда мен Түркістан облыстарында бидай егілетін алқап Меморандумда көзделген алаңнан екі есе асып түскенін мәлімдеді. Алайда Алматы облысы бұл жоспарды жүзеге асыра алды. Аймақта бұл дақылдың егістік алаңы 11 мың гектарға қысқарып, меморандумның индикативті көрсеткіштері тиісті түрде орындалған.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары