ШұғылБір тәулікте 1397 адамнан коронавирус анықталды

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Ол Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отырғанын айтты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!», - деді Асқар Мамин.