ШұғылБір тәулікте 1397 адамнан коронавирус анықталды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

Арман Әбенов бұған дейін QazTrade сауда саясатын дамыту орталығын басқарған

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Арман Дәулетұлы Әбенов Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Арман Әбенов 2016 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры лауазымын атқарды, ҚР Бельгия корольдігіндегі елшілігінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді (2013-2016 жж.).

Еңбек жолын Қазақстанның банк секторының қызметкері болып бастаған (2002-2006 жж.).

2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді, 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті инвестициялық саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Әр жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорыныңорынбасары (2009-2011); ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры (2011-2013) болып жұмыс істеді.

Арман Әбенов 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Халықаралық экономист), Waynesburg University, Pennsylvania, USA «MBA» (2005) унивеситеттерін бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, бес баласы бар.