ШұғылБір аптада коронавирустан 73 қазақстандық қайтыс болды

Төменгі палата Сенат қайтарған құжатты мақұлдады

Парламент 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатты қабылдады

19 қарашада Сенат отырысында 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қаралып, құжатқа 39 түзету енгізілді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Сенат қайтарған заңды қайта қарап, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева заң жобасының мәтініне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға (3 түзету) және республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізілген өзгерістерге (36 түзету) байланысты пікір білдірді.

Татьяна Яковлеваның айтуынша, Сенат енгізген түзетулер 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Осылайша, Қаржы және бюджет комитеті «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынды.

Республикалық бюджет 2021 жылы 15,2 млрд теңгеге және Үкімет резервтерін қайта бөлу есебінен 2022 жылы 4,7 млрд теңгеге ұлғайтылды. Мемлекеттік органдар арасында шығыстарды 2021 жылы 22,5 млрд теңгеге, 2022 жылы 636 млн теңгеге және 2023 жылы 1,2 млрд теңгеге қайта бөлу жүзеге асырылды.

Мәжіліс депутататтары аталған толықтыруларды қолдады.