Асқар Маминнің украиналық делегациямен не үшін кездеспегені айтылды

Украинаның инфрақұрылым министрінің коронавирусқа қатысты анықтамасының мерзімі өтіп кеткен

Асқар Маминнің украиналық делегациямен не үшін кездеспегені айтылды
Владислав Криклий, фото: gov.kz

Бұған дейін 112.ua ақпарат агенттігі Украина делегациясының Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын.

Агенттіктің хабарлауынша, 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин украиналық делегациямен кездесті. Осы кездесудің алдында жайсыз жағдай болған - қауіпсіздік қызметі Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийді Маминмен кездесуге жібермеді, оның коронавирусқа қатысты анықтамасы жалған болып шыққан.

112.ua ақпарат агенттігі кейінірек Украина тарапының осы оқиға үшін кешірім сұрағанын хабарлады.

«Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмигалдың инфрақұрылым министрі Криклиймен болған оқиға үшін кешірім сұрауын қабылдаған жоқ», - деп атап өтті агенттік.

Ал Үкіметтік баспасөз қызметі sputnik.kz-ке берген жауабында «Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ» деп хабарлаған.

Еске сала кетейік, 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев пен Украинаның Инфрақұрылым министрі Владислав Криклий меморандумға қол қойды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.