Асқар Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық жай-күйін талқылады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады. Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.