$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 15:54
Үкімет

Бас санитар Қазақстанға ұшып келетін жолаушыларға қатысты талапқа өзгерістер енгізді

Кейбір жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды

Бас санитар Қазақстанға ұшып келетін жолаушыларға қатысты талапқа өзгерістер енгізді
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таларуына жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға өзгерістер енгізді.

Қаулыға сәйкес, aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды.

Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. Зертханалық тексеру нәтижесін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдардан тиісті қолхат алынып, оларға коронавирустың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

Ал, оң нәтиже көрсеткен жолаушылар (келген адамдар) инфекциялық стационарға жатқызылады.

Серіктес жаңалықтары