$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2019, 14:11
Үкімет

Әлеуметтік сақтандыру қоры 10 айда қазақстандықтарға 162,1 млрд теңге төлеген

МӘМС-тен 162,1 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді

Әлеуметтік сақтандыру қоры 10 айда қазақстандықтарға 162,1 млрд теңге төлеген
фото: enbek.gov.kz

2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстан азаматтарына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 162,1 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (қызды) асырап алу бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 65,1 млрд теңгені, бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтімі бойынша – 74,2 млрд теңгені, еңбекке жарамсыздарға – 11,4 млрд теңгені, асыраушысынан айырылғандарға – 7,8 млрд теңгені, жұмысынан айырылғандарға – 3,6 млрд теңгені құрады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңа туған баланы асырап алушыларға орташа есеппен 424 063 теңгеден төленген (164 мың адам).

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мөлшері 30 925 теңге болған (395 мың адам).

Жұмысынан айрылған 54,7 мың адам орташа есеппен 22 631 теңгеден әлеуметтік жәрдемақы алған.

Асыраушысынан айрылған 46,6 мыңнан астам адамға орташа есеппен 17 628 теңгеден төленген.

Еңбекке жарамсыз 85,3 мың азаматқа орташа есеппен 14 860 теңгеден төленген.

Серіктес жаңалықтары