Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Ол 2016 жылдың 24 наурызынан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болған
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин айтты.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын», - деді Қ. Мусин.
Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Асылбек Смағұлов жақында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ол 2016 жылдың 24 наурызынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.