$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2020, 10:32
Үкімет

АШМ жуық арада астық сатып алу бағасын белгілейді

Үкімет басшысы ведомство мен әкімдіктерге тиісті тапсырма берді

АШМ жуық арада астық сатып алу бағасын белгілейді
Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі астық бағасын белгілеп, нарықтағы компанияларға оларды жариялауға міндеттелді. Сондай-ақ министрлік экспортталатын астыққа қатысты жол картасын әзірлейді. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин тиісті ведомствоға бірқатар тапсырма жүктеді.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық және астық бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласын, сонымен қатар экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды қысқа мерзімде аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сатып алу бағасын белгілеуді қамтамасыз етсін және нарыққа қатысушыларды хабардар етсін. Әкімдерге форвардтық сатып алу механизмі арқылы қаражаттың қайтып келуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, биылдыққа гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды.

Серіктес жаңалықтары