ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Қарашадан бастап мемқызметкерлерге жұмыста смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін

Бүгін Парламент Сенатында цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов осы сұраққа жауап берді

Фотоколлаж

Абылайхан Оспанов өзінде бар деректерге сүйене отырып, смартфон ұстауға шектеу қоймайтын қаулы Үкіметке енгізілгенін хабарлады.

«Уәкілетті мемлекеттік органдардың барлығы қаулымен келісті, мемлекеттік қызметкерлердің барлығына смартфон ұстауға шектеу қоймайтын қаулы енді Үкімет отырыстарының бірінде қаралады. Мемлекеттік қызметкерлер қарашадан бастап, жұмыста смартфон пайдалана алады деп үміттенеміз. Бұл – мемлекет басшысының берген тапсырмасы», - дейді вице-министр.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың көктемінен бері Қазақстанда мемлекеттік қызметке жататын органдардың барлығында жұмысқа смартфон алып кіруге тыйым салынған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сол кезде «қызметтегі құпия ақпарат әлеуметтік желіге шығып кетуіне» байланысты заңнамаға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік қызметкерлер түгелдей суретке түсіру, интернетке қосылу функциялары жоқ телефондарға ауысқан еді.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан