$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2019, 18:23
Үкімет

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Фото: inform.kz

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, соның ішінде «Ақ-Бидай» ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2002-2006 жылдары — «Агронефтеснаб» ЖШС директоры. 2006-2009 жылдары «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары — «Green Energy Almaty» ЖШС директоры.

2012-2016 жылдары — «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – коммерциялық директоры.

2016-2019 жылдары — «Samal Trans» ЖШС директорының кеңесшісі.

2019 жылғы сәуірден бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары