ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда тағы 209 адам коронавирус жұқтырды

ҚазАгроны «құтқару» үшін шетелден қандай мамандар келеді?

«ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Ербол Қарашүкеев Директорлар кеңесі құрамына қандай шетелдік менеджерлер енетінін айтты

Майкл Вайнштейн, скриншот

Оның сөзінше, холдингте реформа жасау үшін шетелден үш маман келеді. Олар басшылыққа тәуелсіз директорлар ретінде кірмек.

«Оның бірі – Майкл Вайнштейн. Ол ұзақ жылдар бойы Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры болды. Екіншісі – Стэнфорд университетінің профессоры Абрамов мырза. Ол корпоративтік қаржы саласында өте танымал маман. Үшіншісі – «Қазақ-герман экономикалық диалогының» өкілі Йон Бройдорсен. Оның посткеңестік елдердегі ауыл шаруашылығын реформалау бойынша тәжірибесі мол», - деп таныстырды жаңа басшылық құрамын.

Қарашүкеевтің айтуынша, шетелдік мамандар осы айдың аяғында жұмысқа кірісіп, профильді комитеттерді басқарады. Менеджерлерді таңдаумен арнайы агенттік айналысқан. «ҚазАгро» кандидаттардың таңдау барысында компания алдындағы негізгі міндеттер мен Қазақстанның жағдайын білу деңгейлеріне мән беріпті.  

Холдинг төрағасы Директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне қанша айлық төлейтінін айтқан жоқ, бірақ, басқа холдингтерге қарағанда арзан деп сендірді. Ал өзінің Басқарма басшысы ретінде қанша жалақы алатынын жасырған жоқ.

Айта кетсек, қазір «ҚазАгро» мемлекетке үлкен шығын келтіріп отырған холдингтердің бірі. Шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның 2018 жылғы шығынының өзі 120 млрд екенін айтып, холдинг менеджментіне толық реформа жасауға тапсырма берген. Сол тапсырма негізінде  қазір «ҚазАгро» құрамындағы 7 компанияның  3-еуі жауып жатыр. Нақтырақ айтқанда, екеуі толық жабылып, «Казагрогарант» компаниясы «Агрокредит корпорациясымен» бірігетін болды. Ал Ал 1100 қызметкерді жұмыстан қысқарту арқылы 3,2 млрд теңге үнемдейміз деген.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады