ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

1 тамыздан бері Қазақстанда КВИ белгілері бар пневмониядан 86 адам көз жұмды

Бұдан былай ДСМ коронавирусқа қатысты ақпаратты күн сайын жариялап отырады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты.

Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бері барлығы 8 054 ауру жұқтырған, 86 өлім жағдайы тіркелді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ге қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмоствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады», - делінген вдомство хабарламасында.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.