$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 12:57
Үкімет

Қашықтан оқыту кезінде ЖОО-лардың ақылы бөлімінде оқу бағасы арзандай ма?

Биыл колледж және ЖОО студенттері де қашықтан білім алады

Қашықтан оқыту кезінде ЖОО-лардың ақылы бөлімінде оқу бағасы арзандай ма?
фото: caravan.kz

Қашықтан оқыту форматы кезінде жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріндегі оқу бағасы арзандамайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомство Қазақстандағы университеттердің ішкі қаржылық жағдайына араласа алмайтындықтан, әр ЖОО көрсететін қызметіне қатысты бағаны өзі белгілейтінін айтты.

«Бірнеше жыл болды, ЖОО-ларға академиялық және қаржылық дербестік бердік. Қызмет көрсету - азаматтар мен әр университет арасындағы жеке мәселе. Екіншіден, көпшілік арасында қашықтан оқыту кезінде оқу бағасы арзандау болуы керек деген түсінік бар. Себебі, шығын аз кетеді деп ойлайды. Негізі, жағдай олай емес, бүгінгі күні оқу ғимараттары барлық корпусын бірдей жауып жатқан жоқ. Ерте ме, кеш пе, бұл індет біткен соң, студенттер оқу орнына қайтып барады. Ғимараттардың коммуналдық шығыны, мұғалімдердің айлығы жүріп жатыр. Одан бөлек, ЖОО-лардың көбі қашықтан оқыту технологияларымен толық қамтамасыз етілмеген. Қазір серверлерін жаңадан дайындап, интернет сапасын күшейтіп, қосымша шығынға ұшырап жатыр. Сондықтан бұл БҒМ шешетін мәселе емес», - деді ол.

Айта кетейік, алдағы оқу маусымында Қазақстандағы колледж және ЖОО студенттері де қашықтан білім алады. Дегенмен, кейбір мамандықтар үшін дәстүрлі оқыту форматы қолданылуы мүмкін. 

Айжан Қалиева, Алматы

Серіктес жаңалықтары