$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Әлиевке санкцияны алып, Қазақстан мен Арменияның тікелей сауда жүргізуіне жағдай жасағаны үшін алғыс айтты

Қазақстан Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайын

Тоқаев Әлиевке санкцияны алып, Қазақстан мен Арменияның тікелей сауда жүргізуіне жағдай жасағаны үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы БАҚ-қа арналған брифингте Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке санкцияны алып, Қазақстан мен Арменияның тікелей сауда жасауына мүмкіндік тудырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.   

 «Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді», - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша.

«Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі, – деп түйіндеді президент.

Серіктес жаңалықтары