$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы банктердің капитализациясы бойынша рейтингі жасалды

Бірінші орында Kaspi.kz тұр

Қазақстандағы банктердің капитализациясы бойынша рейтингі жасалды
Фото: ranking.kz

Ranking басылымы қаржы нарығындағы компаниялардың, яғни, компанияның нарықтағы құнына қатысты оларды капитализация бойынша рейтингін жасап шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

KASE деректеріне сәйкес, капитализация бойынша көшбасшы — Kaspi.kz (7,3 трлн тг). Екінші орында — Halyk Bank (3,5 трлн тг), үшінші орында — Freedom Holding Corp. (1,7 трлн тг). Топ-5 қатарына сондай-ақ ForteBank (1,1 трлн тг) және Банк ЦентрКредит (839,8 млрд тг) кіреді.

«Капитализацияның өсуі инвестор сенімінің артуын көрсетеді. Көшбасшылар саланың ашықтығын, технологиялық дамуын және клиентке бағытталуын нығайтып отыр. Капитализация — компанияның биржадағы нарықтық құны (акция бағасы × акциялар саны). Бұл компанияның ауқымын және инвесторлар сенімін көрсетеді», - деп жазады сайт.

Дереккөзге сүйенсек, Kaspi.kz және Freedom Holding Corp. NASDAQ-та саудаланатындықтан, олардың институционалдық инвесторлар тарапынан қызығушылығы талданды. Екі компания да ірі болғанымен, институционалдық қатысу деңгейі қатты өзгеше:

  • Kaspi.kz: институционалдық инвесторлар үлесі — 38,98%
  • Freedom Holding Corp.: бар болғаны 4,09%

Инвесторлар саны:

  • Kaspi.kz — 207
  • Freedom Holding Corp. — 152

Инвесторлар қолындағы акциялар саны:

  • Kaspi.kz — 74,1 млн акция
  • Freedom Holding Corp. — 2,5 млн акция

Инвесторлардың акциялар портфелі құны:

  • Kaspi.kz — 5,4 млрд доллар
  • Freedom Holding Corp. — 345 млн доллар

Kaspi.kz-тің топ-10 инвесторлары: Baring Fintech Manager Holding Ltd, Baillie Gifford & Co, FIL Ltd, Pzena Investment Management, FMR LLC, Schroder Investment Management, Southpoint Capital Advisors және басқалары.
Ірі өзге инвесторлар: BlackRock, HSBC, JPMorgan, Goldman Sachs, Bank of America, Morgan Stanley және т.б.

Freedom Holding Corp.-тың топ-10 инвесторлары: BlackRock, State Street, Morgan Stanley, First Trust, Geode Capital, Millennium, JPMorgan, Citadel, Vanguard, Bank of America.
Басқа танымал қатысушылар: Swiss National Bank, HSBC, Invesco, Goldman Sachs, UBS.

Kaspi.kz институционалдық капитал көлемі жағынан Freedom Holding-ке қарағанда әлдеқайда көш басында:

  • Freedom-та 10 млн доллардан жоғары портфелі бар инвесторлар — тек 7
  • Kaspi.kz-де — 59

Қорытынды: екі компания да халықаралық инвесторлардың назарында, алайда Kaspi.kz-ке қызығушылық та, капитал көлемі де айтарлықтай жоғары. Бұл оның нарықтағы орнының мықтылығын және кәсіби инвесторлардың сенімін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#экономика #банк