$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы пайда болады

Портал жекешелендірілмейді, мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдардың меншігінде болады

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы пайда болады
Фото: depositphotos.com

Парламент Мәжілісі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталын енгізуді көздейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірыңғай платформа мемлекеттік органдардың меншігінде ғана болады және жеке компанияларға берілмейді.

Сонымен қатар, қол қою бонустарын төлемеген аукцион жеңімпазына және оның бенефициарына бес жылға дейін пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беруден бас тарту қарастырылған.

Заң жобасында пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер беру ұсынылып отыр.

Бұған қоса қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жаңадан босатылған блокқа лицензия алуға өтінімдерді қарау, барлау кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік деңгейдегі қатты пайдалы қазбалар қорлары бар аумақтар үшін аукциондар өткізу тәртібі және индустриялық-инновациялық жобалар үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртіптері белгіленеді.

Заң қабылданғаннан кейін өнеркәсіп секторына инвестиция артады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары