11.11.2025, 09:55
Экономика
Маңғыстауда тендер арқылы 9 млрд теңгені далаға шашпақ болған 121 тұлға жазаланды
Соның ішінде, 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Маңғыстау облысының прокуратурасы 9 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсағысы келген 121 жауапты тұлғаны анықтап, біразын жазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, олар көбіне тендердегі тауарларды қымбатқа бағалап, қажет емес тауарларды сатып алмақ болған. Сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді де жоспарламай, сатып алмақ болған. Бюджетке алдын ала өтінім тастамай да біраз ақшаны игергісі келген.
«Жыл басынан бері прокуратура 9 млрд теңгеге бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген жоқ. Қабылданған шаралар нәтижесінде 121 жауапты тұлға тәртіптік, ал 34 әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды прокуратура.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді