$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет 2026 жылы әлеуметтік төлемдерге қанша ақша бөледі

Бюджет әлеуметтік бағдарланған болып қала береді дейді министр

Үкімет 2026 жылы әлеуметтік төлемдерге қанша ақша бөледі
Фото: istockphoto.com

Қаржы министрі Мәди Тәкиев «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында әлеуметтік төлемдерге қанша қаражат жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы алғанда бюджет әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. 2026 жылы 10,7 трлн теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде 6,8 трлн теңге – әлеуметтік төлемдерге, ал 3,9 трлн теңге – адами капиталға салынатын инвестицияларға қарастырылған», - деді Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр Үкіметтің басты міндеті – құрылымдық реформалар мен шығыстардың тиімділігін арттыру арқылы халықтың өмір сапасын жақсарту екенін атап өтті.

«Осылайша, 2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға 6,8 трлн теңге бағытталды. Әлеуметтік саладағы негізгі шешімдердің бірі – әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың цифрлық тетіктерін дамыту және проактивті форматқа көшу. Бұл адами факторды азайтуға, бюрократияны қысқартып,  көмек көрсетуді жеделдетуге алып келеді. Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат 107 млрд теңгеге артық. Бұл шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Білім және ғылым саласына 902 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту бойынша барлық басымдық сақталды. Ал мәдениет, туризм және спортты дамытуға 2026 жылы 263,5 млрд теңге қарастырылған», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар президенттің орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларына кешенді талдау жүргізілген.

«2026 жылы экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар шамамен 1,2 трлн теңге жоспарлануда, бұл ретте нақты секторды дамытуға арналған қаражат көлемі 540 млрд теңгеге ұлғая отырып, 3,7 трлн теңгені құрайды», - деді Тәкиев.

Бұл шаралар экономикалық өсімнің жаңа салалық драйверлерін іске қосуға және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті шенеунік.

Серіктес жаңалықтары