$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Экономикаға тым көп ақша құйылып жатыр»: Сүлейменов Қазақстандағы қымбатшылықтың себебін атады

Оның айтуынша, монеталық агрегат 18 пайызға артқан

«Экономикаға тым көп ақша құйылып жатыр»: Сүлейменов Қазақстандағы қымбатшылықтың себебін атады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы қымбатшылықтың негізгі себебін айтады – қазір экономикада ақша тым көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Сүлейменов экономикаға ақша көп құйылған сайын қымбатшылық та жоғары болады дейдіү

«Экономикаға тым көп ақша құйылып жатыр. Оның негізгі екі көз бар – ауқымды фискалды және тұтынушыларға арналған несие», – деді Сүлейменов.

Ол сонымен қатар отандық тауарлар мен қызметтер өсіп келе жатқан сұранысқа ілесе алмай жатқанын, бұл экономиканың «қызып» кетуіне және бағаның өсуіне әкеліп отырғанын атап өтті. Бұған қоса, сұраныстың артуы импорт көлемін көбейтіп, валюта нарығына қысым жасайды.

Серіктес жаңалықтары